Шұғыл түрде келіссөз жүргізуге шақырды
Шұғыл түрде келіссөз  жүргізуге шақырды
2,324
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжым­дық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты. Армения Республикасының ұсынысы­мен өткен отырыс бейнебайланыс режи­мінде өтті. Сонымен қатар саммитке Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Прези­денті Владимир Путин, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович, ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков қатысты. Мемлекеттер басшылары әзербайжан-армян мемлекеттік шекарасында болған оқиғаларға қатысты Армения Премьер-министрінің мәліметін тыңдады. Қазақстан Президенті сессияға қатысу­шылар алдында сөйлеген сөзінде қақтығыс­ты тек саяси-дипломатиялық жолдармен шешу қажет екенін атап өтті. Қ.Тоқаев жағдайды тұ­рақтандыру үшін мүмкін болған барлық шараны қабылдауға күш­тік құрылымдарды пайдаланудан бас тар­туға, шұғыл түрде келіссөз жүргізуге шақырды.