Жаңа клиптің премьерасы өтеді
Жаңа клиптің премьерасы өтеді
344
оқылды
24 қыркүйекте Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы тыңдармандармен фан-кездесуінде «Бір аспанның хикаясы» клипінің премьерасы өтеді. Бұл жайында әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Әншінің 12 минуттық жұмысы планетамыздағы адамдардың тату тіршілігіне арналған.
«Біз нәсілге, ұлтқа, дінге бөлінеміз, бірақ бәріміз бір планетаның перзентіміз және бір аспан астында өмір сүріп жатырмыз. Өмір – ең жоғары құндылық. Ешқандай қасиетті кітап адам өлтіруге үндемейді. Біз дос болуды үйренуіміз керек, өйткені бір-екі ересек адамның кесірінен миллиондаған бала азап шекпеуі тиіс. Ғаламшарымыздың болашағы, адамзаттың болашағы өз қолымызда, әлемде тыныштық болсын. Біз бір үйдің, бір жердің, бір аспан­ның балаларымыз», – дейді Димаш Құдайберген.
Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің хикаясына негізделген музыкалық бейнебаянды 24 қыркүйектен бастап тамашалауға болады.