Ұлттық жоба – ұлт саулығының негізі
Ұлттық жоба –  ұлт саулығының негізі
458
оқылды
Денсаулық сақтау саласы – адам саулығы үшін аса ма­ңыз­ды әрі үлкен жауап­кер­ші­лікті қажет ететін сала. Сон­­дықтан да елімізде ден­сау­лық сақ­тауды дамытудың жаңа мемлекеттік бағ­дарламалары мен жобаларын бекі­тіп, сала­ға тың серпін беруге күш са­лып келеді. Бұл тұрғыда Үкі­мет­тің 2021 жыл­ғы қазан айын­дағы қаулысымен қа­был­данған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қол­жетімді денсаулық сақтау» ұлттық жо­басының маңызы орасан. Жоба аясында Қызылорда об­лы­сының медицина саласын да­мы­туға негіз қалайтын тың баста­малар қолға алынуда. Жалпы, Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының берген мәліметіне сәйкес, 6 айдың қорытындысымен өңірде бастапқы медициналық санитариялық кө­мек көрсету ұйымдарына 807 753 тұрғын тіркеліп, медициналық кө­­мекті 18 стационарлық, 22 ам­бу­ла­ториялық-емханалық медицина ұйым­дары көрсетеді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы­ның мәліметіне сәй­кес, бүгінде лизинг арқы­лы рес­пуб­ликалық бюджеттен 20 сани­тар­лық автокөлікке алғашқы төле­міне 248,2 млн теңге бөлінген. Осы арқылы науқас жандарға ал­ғаш­қы көмек көрсетуге мүмкіндіктер ар­тып отыр. Сонымен қатар қажетті ме­дициналық құрал-жабдықтармен қамту мәселесі де рет-ретімен ше­шімін тауып келеді. Бұл тұрғыда 20 млн теңгеден төмен медициналық бұйымдарға 254 195,0 млн теңгеге сатып алу рәсімі жүр­гі­зіл­ген. Одан бөлек, жалпы сомасы 233 331 тең­геге бірыңғай дистрибьютор ті­зіміне ен­гі­зілген 5 дана меди­ци­налық бұйымға «СҚ-Фар­мация» ЖШС арқылы сатып алу жұмыс­тары атқарылған. Алдағы уақытта жалпы құны 20 млн теңгеден жо­ғары 7 дана медициналық бұйым­дарды 1 036 426,0 мың теңгеге «СҚ-Фармация» ЖШС тарапынан орталықтан­дырылған түрде сатып алу жоспарланып отыр. Медициналық ұйымдарға са­ни­тарлық көліктер, компьютер жи­нақтарын, дизельді электр-ге­нератор және медициналық бұ­йым­­дарды сатып алу мақсатында 225 млн теңге қаржы бөлінген. Өңірде халықтың нысаналы топтарына скринингтік тексерулер 6 нозология бойынша жүргізілуде. ұлт саулығы Маусым айында Қызылордада орталық қалалық емханасы қолда­нысқа берілді. Ем­хананың ашылуы нәтижесінде №1, №3 және №6 қа­лалық емханалардың жүктемесі азайып, денсаулық сақтау желісі нормативке сәйкес­тендірілген. Сол сияқты Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде 250 келушіге арналған аудандық емхана ғи­ма­раты салынып, ел игілігіне беріліп отыр. Оған республикалық бюджет есебінен жалпы құны 2,3 млрд тең­ге бөлінген. Жаңа ем­деу мекемесі 80 мыңнан аса тұрғынға қол­жетімді және жоғары сапалы бастапқы ме­дициналық-санитарлық көмек көрсететін болады. Сонымен қатар 2022 жылы ме­дициналық ғимараты жоқ шалғай елді мекендерде 2 медициналық бекет және жалпы құны 140 млн теңгені құрайтын «Ауыл – ел бе­сігі» бағдар­ламасы шеңберінде 1 дәрігерлік амбулатория іргесін қалады. Сол сияқты биыл жалпы құны 2,9 млрд теңгені құрайтын «Қы­зыл­орда қаласының сол жаға­ла­уын­да IV санатты жылына 5 000-10 000 донация облыстық қан ор­та­лығы құрылысы қолға алы­натын болады. Оған 2022 жылы респуб­ли­калық бюджет есебінен 250 млн теңге қаржы бөлінген. Нысан 2023 жылы іске қосылады деп күтілуде. Қазір облыста маман тапшы­лығы 144 дә­рігерді құрайды. 2021 жылы 84 дәрігер жұ­мысқа қабыл­данып, олардың 24-і елді ме­кен­дерге жіберілген. Бүгінде облыста маман тапшылығы 144 дәрігерді құрайды. Негізінен, 2017-2021 жылдар аралығында медицина саласында сұранысқа ие жалпы тәжірибелік дәрігерлерді даярлауға 127 облыс әкі­мінің гранты бөлінген. Бұл ша­ралар өз кезегінде 2024 жылдан бас­тап аймақтық саланы дәрігер­лермен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұнымен қоса, облысқа қарас­ты алыс шалғай елді мекендердегі халыққа медици­налық көмек көр­сету үшін 5 жылжымалы меди­циналық кешен ұйымдастырылған.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ, Қызылорда облысы