Өскеменде үй қызметшісі болып жұмыс істеген 21 жастағы қыз 130 мың доллар ұрлаған
Өскеменде үй қызметшісі болып жұмыс істеген 21 жастағы қыз 130 мың доллар ұрлаған
Фото: polisia.kz
841
оқылды
Өскеменде үй қызметшісі болып жұмыс істеген қыз 130 мың доллар ұрлаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, Өскемен қаласының 35 жастағы тұрғыны полицияға арызданған. Ол үйдің астыңғы қабатында орналасқан сейфтен шамамен 130 000 АҚШ доллары жоғалғанын айтты. Полицейлер шұғыл іске кірісті. Ақшаны жәбірленушінің үй қызметшісі болып жұмыс істеген 21 жастағы қыз ұрлағанын анықтады. Күдіктінің айтуынша, тамыз айының басында ол сейфтен алғаш рет 10 000 АҚШ долларын ұрлаған. Ұрланған ақшаға шетелде демалып келген.    width= Демалыстан оралғанда үй қызметшісі үй иелері ақшаның жоғалғанын байқамағанын біліп әрі қарай түк болмағандай сол үйде жұмысын жалғастырған. Бір айдың ішінде үй қызметшісі сейфтен 130 000 АҚШ долларын алып шыққан. Бұл ақшаға ол үйлену тойын жасаған, пәтер және көлік сатып алған. Қазіргі уақытта 21 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.