Тоқаев: Пандемиядан кейін әлемде әділетті қоғам құру – баршамызға ортақ міндет
Тоқаев: Пандемиядан кейін әлемде әділетті қоғам құру – баршамызға ортақ міндет
Фото: БОРТ N1
349
оқылды
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев съездің ашылу салтанатында халықаралық келісімнің маңызды екеніне тоқталды.
«Пандемиядан кейін әлемде халық арасында келісімді нығайтып, әділетті қоғам құру баршамызға ортақ міндет. Ашық диалогтың маңызы зор. Дін көшбасшыларының VII съезі тың идеяларды жүзеге асырып, баршамызды биік белеске жеткізеді деп сенемін. Біздің мүддеміз бен ниетіміз бір. Бейбіт әрі берекелі болашаққа қадам басуды қалаймыз. Осы игі мақсатқа бірге жетейік. Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
 width=  width=  width=  width=  width= Бұған дейін Діндер съезіне қатысу үшін 50 елден келген қонақтарды астанада қалай қарсы алғаны туралы жазған болатынбыз.