Путин таяуда Қазақстанға келеді – Сыртқы істер министрі
Путин таяуда Қазақстанға келеді – Сыртқы істер министрі
Фото: scoopnest.com
313
оқылды
Ресей президенті Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне қатысу үшін Қазақстанға келеді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты.
«Ресей президенті Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне қатысу үшін Қазақстанға келеді. Сонымен қатар ТМД мемлекет басшыларының кеңесін өткізу жоспарда бар. Ресей президенті қатысады деп күтеміз. Жиын қазан айының ортасында болады. Ресми растауын күтіп отырмыз. Сапарда екіжақты кездесу өткізіледі», – деді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.
Бұған дейін Путиннің Қазақстанға келетін күні белгілі болғанын хабарлаған болатынбыз.