Ауа райы: жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін
Ауа райы: жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін
Фото: sputnik.kz
339
оқылды
«Қазгидромет» 14-16 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік жартысы солтүстік-батыс суық антициклонының ықпалында қалады. Сондай-ақ батыс, солтүстік-батыс, шығыс, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронт әсерінен жаңбыр жауады. Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. 15 қыркүйекке қараған түні шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша жел күшейеді. 15-16 қыркүйек күндері республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста -5 градусқа дейін үсік күтіледі.