Алматыда 100-ден астам адам алаяқтарға сеніп, ақшасынан айырылды – видео
Алматыда 100-ден астам адам алаяқтарға сеніп, ақшасынан айырылды – видео
Фото: region29.ru
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті тендер алаңында мемлекеттік және жеке сатып алуларға қатысатын инвестициялық компания атын жамылған «Qozgan inc.» ЖШС қаржы пирамидасының қызметіне тосқауыл қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Ұйымдастырушылар сенген азаматтарға 105 күн ішінде салым сомасының сыйақысы 5-тен 30 пайызға дейін болатындай, ақшалай қаражатты тендерлік жобаларға салуды ұсынған. Салымшылардың жалпы саны 100-ден асады. Қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталуда. Қазіргі уақытта «Qozgan Inc.» компаниясының екі ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі айға қамауға алынды.