Рим Папасы өткізген Месса рәсіміне 7 мыңнан астам адам жиналды
Рим Папасы өткізген Месса рәсіміне 7 мыңнан астам адам жиналды
Фото: Halyq Uni
Сыртқы істер министрлігі Рим Папасы Франциск Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VII съезінің аясында өткізген Месса рәсіміне 7 мыңнан астам жиналғанын хабарлады. Рим Папасы Месса рәсімін өткізу үшін EXPO халықаралық көрме орталығының аумағына арнайы көлікпен келді. «Шара өтетін аумаққа қазіргі таңда 7 мыңнан астам адам жиналған. Олардың неше елден келгені анықталып жатыр», – делінген ведомствоның ақпаратында. Бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Месса рәсіміне тікелей қатысу үшін дін өкілдеріне 3000 орын қарастырылғанын айтқан еді. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, Месса өткізу үшін әзірленген аумақ 10 мың адамға шақталған. Оның басым бөлігі Орталық Азия мен өзге де таяу елдердің діндарларына арналып отыр. Шара елорданың EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында өтіп жатыр.