Президент Си Цзиньпинді «Алтын Қыран» орденімен наградтады
Президент Си Цзиньпинді «Алтын Қыран» орденімен наградтады
266
оқылды
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен наградтады, – деп хабарлады Ақорда. Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен қытайша сөйлескен видеосы жарияланғанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ екі ел басшылары Ақордада Қазақстан мен Қытай арасындағы бірқатар мәселені талқылады.