Үлкен Алматы көлі маңындағы автожолда қар көшкіні жүрді, - деп хабарлады Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Қардың көлемі 70 м3 болған. Жол бөлігін тазалауға 2 техника бірлігі, 6 қызметкер жұмылдырылған. Көліктер кедергісіз жүріп жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.