Доллар бағамы 0,57 теңгеге қымбаттады
Доллар бағамы 0,57 теңгеге қымбаттады
239
оқылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,57 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 473,91 теңге. Ұлттық банктің 14 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 473,45 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 473 теңге, сатып алу – 477 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 471 теңге болса, сатып алу құны – 475 теңге. Ресей рублі 7,35 – 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.