Серікәли Мұқатаев Экология вице-министрі болып тағайындалды
Серікәли Мұқатаев Экология вице-министрі болып тағайындалды
356
оқылды
Үкіметтің қаулысымен Мұқатаев Серікәли Мұхаметкәрімұлы Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.
Серікәли Мұқатаев 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Сарқан қаласының №55 жылжымалы механикаландырылған колоннаның шебері болып бастады, онда 1997 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 1997-2000 жылдары жеке ұйымда жұмыс істеді. 2000-2003 жылдары – Сарқан аудандық әкімдігінің мәдениет бөлімінің бас маманы. 2003 жылы Сарқан ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы болды. 2005-2010 жылдары – Сарқан ауданы әкімі аппараты құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы. 2010-2020 жылдары – ҚР АШМ Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясында басшылық қызметтерді атқарды. 2020 жылғы наурыз-сәуірде – ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары. 2020 жылғы сәуір-шілде аралығында – ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК-ның «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы директорының орынбасары. 2020 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК-ның «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының директоры болды.