Жәмила Бақбергенова күрес түрлерінен әлем чемпионатында финалға шықты
Жәмила Бақбергенова күрес түрлерінен әлем чемпионатында финалға шықты
579
оқылды
Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова финалға жолдама алды. Дүбірлі додада 72 келі салмақта бақ сынаған Жәмила румыниялық Александра Ангелмен шеберлік байқасты. Нәтижесінде қарсыласын 12:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Ол ширек финалда өзбекстандық Светлана Окназарованы айқын басымдықпен жеңген болатын.