«AMANAT» партиясы жас түлектің грантқа түсуіне көмектесті
«AMANAT» партиясы жас түлектің грантқа түсуіне көмектесті
294
оқылды

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Ақтау қаласының тұрғыны Б. Хайрова келіп арыз түсірді. Арызданушы өзінің толық емес отбасы екенін, жолдасы қайтыс болғанын,  жалдамалы үйде тұратынын айтып қызының жоғары оқу орнына түсуіне көмек сұрап келген. Партия мүшелерінің араласуымен мәселе оңынан шешілді.

Арыз беруші Хайрова Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Жұмашева Динара Нағимоллақызының жеке қабылдауында болды. Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы арызданушының жағдайын қарастырып қызын грант комиссиясының конкурсына қатыстырды. Нәтиежесінде М. Төреғали Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіне математика мұғалімін даярлау мамандығы бойынша нысаналы грантқа түсті. Грант Мәселесі оң шешіліп, Б. Хайрова Маңғыстау облысы білім басқарма басшысы Д. Жұмашева мен «АМАNАТ» партиясына өз алғысын білдірді.