Семейде құтқарушылар отқа оранған үйден мүгедек адамды алып шықты
Семейде құтқарушылар отқа оранған үйден мүгедек адамды алып шықты
226
оқылды
Семейлік өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден мүгедек адамды алып шықты. Абай облысының ТЖД хабарлауынша, Семей қаласының Дулатов және Елемесов көшелерінің қиылысындағы үй өртке оранған.
«Өрт сөндіруші-құтқарушылар бірден қызыл жалынға оранған үйге кіріп, мүгедек ер адамды алып шықты. Өрт кезінде зардап шеккендердің бірі далада болған. Ал мүгедек ер адамды оттан өрт сөндіру қызметінің кезекші қызметкері Төленбеков, 2-ӨСБ өрт сөндірушісі Әбілқасымов және бөлімше командирі Хамитов алып шығып, жедел жәрдем қызметінің дәрігерлеріне тапсырды», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, өрт сөндіруші-құтқарушылар отқа оранған үйден 2 газ баллонын шығарды. Белгілі болғандай, үйдің шатыры мен кіреберісі өртенген. Өрттің жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрады.