Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, суық антициклон әсерінен үсік жүреді. Атмосфералық фронт әсерінен батыста жаңбыр жауады, күн күркірейді. Бұршақ жаууы мүмкін, шығыста жауын-шашын, қар аралас жаңбыр жауады. Еліміздің басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні 23-28 м/с дейін барады, күндіз батыстан, оңтүстіктен шаңды дауыл соғады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абау облысының солтүстігінде 1-3 градус үсік жүреді. Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс, шығыс бағыттардан соғатын желдің күші түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +2+4°С, топырақ бетінде 2°С үсік, күндіз +16+18°С болады. Ал Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде +8+10°С, күндіз +21+23°С болады. Шымкент қаласында аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, күші - 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +14+16°С, күндіз +31+33°С болады.