Жамбылда төбелеске қару алып келген 8 адам ұсталды – видео
Жамбылда төбелеске қару алып келген 8 адам ұсталды – видео
Фото: Видеодан скриншот
1,079
оқылды

Жамбылда полицейлер қарулы қақтығысты тоқтатты. Polisia.kz оқиғаның видеосын жариялады.

12 қыркүйекте Жамбыл ауданында 30-43 жас аралығындағы бір топ адам жанармай құю бекеті маңына жиналған. Өзара мәселе шешпек болған. Ақпарат бойынша оқиға орнына жедел түрде Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері барды. Жанармай бекетінің аумағы қоршалып, тінту жүргізілді. Нәтижесінде, ұсталғандардан аңшы қаруы тәркіленді. Тергеу барысында қақтығысқа қатысушылардың 8 адам екені анықталды. ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.