Ақтауда бетперде таққан бір топ адам 2 жігітті балта, шынжырмен ұрып-соққан сәт видеоға түсіп қалған
Ақтауда бетперде таққан бір топ адам 2 жігітті балта, шынжырмен ұрып-соққан сәт видеоға түсіп қалған
Фото: видеодан скриншот
2,596
оқылды
Ақтаулық полицейлер екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсеткен күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Әлеуметтік желілерде бетперде таққан жастардың балта және өзге де құралдармен екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсетіп жатқаны көрсетілген бейнежазбалар тарады. Екі факті бойынша да Қылмыстық кодекстің 293-бабы  3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анықталғандай, екі оқиға да Ақтау қаласында әртүрлі уақытта болған. Полицейлер қазір жәбірленушілер мен үш күдіктіні анықтап, 16 және 21 жастағы күдіктілерді ұстады. Тағы бір күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғалардың толық мән-жайы анықталуда. Қылмыс жасаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.