Зеленский Киевте жол апатына түсті
Зеленский Киевте жол апатына түсті
(Фото: president.gov.ua
Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі Киевте жол апатына түсті. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Сергей Никифоров хабарлады, – деп жазады "Украинская правда"
«Киевте жеңіл көлік Украина президентінің көлігімен және оның қасындағы көліктермен соқтығысты. Мемлекет басшысының қасында жүрген медицина қызметкерлері жеңіл көлік жүргізушісіне шұғыл көмек көрсетті және оны жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Президентті дәрігер тексерді, денсаулығына айтарлықтай зақым келмеген. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғаушылар анықтап жатыр»,деп жазды Никифоров Facebook  парақшасында.
14 қыркүйекте украиндық БАҚ өкілдері Владимир Зеленскийдің Украинаның Харьков облысындағы Изюм қаласына келгенін хабарлады.