Украина жауынгерлері Ресей әскерінен 8 мың шаршы шақырым аумақты қайтарды
Украина жауынгерлері Ресей әскерінен 8 мың шаршы шақырым аумақты қайтарды
Фото: skoro_voina
1,100
оқылды
Мұны кеше президент Владимир Зеленский мәлімдеді. Кейбір болжамдарға қарағанда, солтүстік-шығыстағы Харьков облысы толықтай азат етілген, –  деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Украина жауынгерлері енді Луганск және Донецк облыстарындағы қалаларды қайтаруға кірісті. Сонымен қатар олар оңтүстіктегі Херсон облысында ресейліктер басып алға территорияға 12 шақырым бойлай еніп, бірнеше ауылды бақылауға алған. Осындай шақта АҚШ әкімшілігі Киевке тағы әскери көмек жөнелтетіні белгілі болып отыр.