Той үстінде оқ атқан тараздық тұрғын ұсталды
Той үстінде оқ атқан тараздық тұрғын ұсталды
638
оқылды
Жамбыл полициясы той үстінде аспанға оқ атқан ер адамға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Әлеуметтік желілерде полиция қызметкері өз тойында аспанға қарудан оқ атты деген ақпарат тараған болатын. Аталған дерек бойынша, Жамбыл облысы  Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу барысында оқ атқан азаматтың 28 жастағы уақытша жұмыссыз, Тараз қаласының тұрғыны екені анықталып, оның полиция қызметкері еместігі және бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істемегені белгілі болды. Оқ атылған «Сайга» аңшы мылтығы заң жүзінде осы азаматтың атына тіркелгені және 2021 жылдың 1 маусымында оны алып жүруге рұқсат берілгені де анықталды. Қару тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Күдікті сот шешімімен үйқамаққа алынды. Кінәсі дәлелденген жағдайда 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.