Украина Ресей әскерінен 388 елді мекенін қайтарды
Украина Ресей әскерінен 388 елді мекенін қайтарды
Фото: Ueslei Marcelino / Reuters
1,319
оқылды
Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеуді Кривой Рог қаласын суға батырғысы келді деп айыптады. Өйткені  ресейліктердің ымырандық шабуылына «гидротехникалық инфрақұрылым нысандары ұшырап», Ингулец өзенінің деңгейі көтерілген. Мәскеу болса, көрші елде азаматтық нысандарды әдейі көздеді деген мәліметтерді үнемі жоққа шығарып келеді, -  деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы. Ал Харьков облысында Украина армиясы қыркүйектің 6-нан бері 8 жарым мың шаршы шақырым аумақ пен 388 елді мекенді Ресей әскерінен азат еткен. Қазір украин жауынгерлері шығыстағы Донбасс пен оңтүстіктегі Херсон облысын қайтару үшін қарымта шабуылға кірісіп жатыр.