Тамақтан уланған 9 бала емделіп шықты
Тамақтан уланған 9 бала емделіп шықты
353
оқылды
Олар ауруханада 6 күн бойы ем алды. Сараптама балалардың астан уланғанын нақтылады.
- Тамақтан уланды деген 9 баланың төртеуінде сараптама расталды. Улану себебі – мектеп асханасында сапасыз тамақ ішуі. Асханада тексеру жалғасуда, – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаментінде.
Еске салайық, 9 қыркүйек күні Шарбақты ауданындағы №2 мектебінің 9 оқушысы Шарбақты ауруханасына жүгінген. Балалар сол күні таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 20:40 дейін біртіндеп келген. Балалар құсу, іштің ауыруы, диарея мен дене температурасының 39 градусқа дейін көтерілуіне шағымданды. Санэпидемиологтардың болжамынша, оқушылар мектеп асханасында улануы мүмкін, өйткені олардың бәрі сол жерде тамақтанған. 4 бала Павлодардағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын. Олардың ішінде үш қыздың екеуі 2-сыныпта, біреуі 9-сыныпта, бір ұл 4-сыныпта оқиды.