Елімізде алдағы күндері 1 градусқа дейін үсік жүреді
Елімізде алдағы күндері 1 градусқа дейін үсік жүреді
Қазақстанның бірқатар облысына тұман түсіп, қатты жел соғады және үсік жүреді. Кейбір өңірлерде төтенше өрт қаупі бар. 16 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі бар. 16-17 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді. Петропавл қаласында 16-17 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 16 қыркүйекте Ұлытау облысының күндіз басым бөлігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Жезқазғанда 16 қыркүйекте күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с. 16 қыркүйекте Қарағанды облысының түнде оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. Қарағандыда 16 қыркүйекте күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с. Түнде топырак бетінде 3 градус үсік болады. Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. 16 қыркүйекте түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қаласында 16 қыркүйекте жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. 16 қыркүйекте Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с болады. Түнде облыс орталығында және таулы аудандарында 1-6 градус үсік сақталады. Талдықорған қаласында 16 қыркүйекте түнде 1-3 градус үсік күтіледі. 16 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. Өскемен қаласында 16 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 16 қыркүйекте найзағай ойнайды. 16 қыркүйекте түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде желдің бағыты оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады екпіні 16 м/с болады. Ақтөбе қаласында 16 қыркүйекте түнде желдің бағыты оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады екпіні 15 м/с. 16 қыркүйек күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады 16 қыркүйекте Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде 2 градус үсік сақталады. Нұр-Сұлтан қаласында 16 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Түнде топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.