Талғарда мектептегі төбелестен кейін оқушы ауруханаға түсті
Талғарда мектептегі төбелестен кейін оқушы ауруханаға түсті
Фото: tengrinews.kz
1,075
оқылды
Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған баланың мектеп аумағында ауыр жарақат алып, ауруханаға түскені туралы видео пайда болды. Анықталғандай, балалардың төбелесін өтіп бара жатқан адам байқап қалып, ажыратпақ болған. Бейтаныс адам төбелеске араласқаннан кейін, балалар оқиға орнынан қашып кеткен. Алматы облыстық полициясының мәліметінше, оқиға Талғардағы №2 мектепте болған.
"Төбелес салдарынан 2005 жылы туған оқушылардың бірі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Іске қатысты тиісті тексеру басталды", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккен баланың жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.