Түркістан облысында бұрын сотталған ер адамның көлігінен 2,5 келі марихуана табылды
Түркістан облысында бұрын сотталған ер адамның көлігінен 2,5 келі марихуана табылды
Фото: ПД-нен алынды
231
оқылды
Түркістан облысында «Қарасора-2022» іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Полиция департаментінің мәліметінше, Қазығұрт ауданында бұрын сотты болған адамның көлігінен 2,5 келі марихуана табылды. Күдікті сыбайластарымен бірге есірткіні «Нексия» маркалы көлігімен тасымалдау кезінде ұсталды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпарат түскен бойда «Жібек жолы-Шымкент» тасжолымен кетіп бара жатқан жеңіл көлікті тоқтатты. Күдіктілердің автокөлігіне тінту жүргізіп, есірткі оралған полиэтилен пакет пен қағаз түйіншекті тапқан. Сараптама қорытындысы көліктен табылған есірткінің 2,5 келі марихуана екенін растады.
«Күдікті ретінде көлік жүргізушісі мен жолаушысы ұсталды. Сарыағаш ауданының екі тұрғыны бұрын сотты болған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді полицейлер.