Кәсіпорын қызметкері 240 аккумуляторды сатып жіберген
Кәсіпорын қызметкері 240 аккумуляторды сатып жіберген
Фото: nur.kz
Көкшетауда полиция 240 аккумуляторды сатып жіберген жұмысшыны тергеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Көкшетау қалалық Полиция басқармасына кәсіпорын басшысы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, компанияда қоймашы жалпы сомасы 14 миллион теңгеден астам аккумуляторлық батареяларды қолды еткен. Былтыр маусым айынан бастап осы жылдың маусым айына дейін кәсіпорында 240 аккумулятор жетіспейтіні анықталды. Аталған фактіге сәйкес тергеушілер ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеруді бастады. 67 жастағы қоймашының іс-әрекетін, ұрлықтың мән-жайын полиция анықтайды.