Алғыс арқалаған абзал жандар

Алғыс арқалаған абзал жандар

Кез келген адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен аялы алақандарының жылуын сезінеді. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үзілген үміттер жалғанады. Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, жанына - дауа, тәніне - шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құштарлығын арттырып, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалайтын ақ желеңді абзал жандар. Осы орайда кәсібилігі мен біліктілігін көрсеткен дәрігер Гүлбағдаш Төлегенова алғысым шексіз. Немеремнің ыстығы көтеріліп, құсып, әлсіз күйінде ауруханаға жеткізілген еді. Дәрігерлердің қамқорлығынын арқасында  немерем аман қалды.  Сол себепті Гүлбағдаш Төлегенова бастаған дәрігерлер ұжымына да шексіз ризашылығымды білдіремін. Әуелі Алланың қалауымен, содан соң сіздердің шипалы алақандарыңыздың арқасында бүгінде немеремнің денсаулығы қалпына келді. Сол үшін, ардақты ақ халатты абзал жандар, Сіздерге асқақ абырой, биік бедел, ел игілігі үшін атқарған еңбектеріңіздің ақталуын тілей отырып, халықтың алғысын арқалаумен кәсіби тұрғыда биік шыңдарды бағындыруларыңызға, денсаулықтарыңыз мықты болып, күш-қуаттарыңыздың арта түсуіне тілектеспін!