Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Қос палатаның депутаттары «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңын қабылдады. Әділет министрі Қанат Мусин ұсынған заң жобасы негізінде 5 бапқа өзгеріс енгізіледі. Атап айтқанда, Президент бір рет 7 жылға сайланады. Нұр-Сұлтан қаласына бұрынғы Астана атауы қайтарылады. Конституциялық Соттың судьялары қайта тағайындалуына шектеу қойып, Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі 8 жылға дейін ұзартылады.