Демалыс күндері 35 градусқа дейін ыстық болады
Демалыс күндері 35 градусқа дейін ыстық болады
Фото: goodfon.com
256
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, алдағы 2-3 күнде ауа райы құбылмалы болады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарда жауын-шашын күтіледі. Солтүстік, орталық пен шығыс әлі де солтүстік-батыс антициклоны әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнде 5 градусқа дейін үсік жүреді. Бірнеше өңірде күн жылынады. Ауа температурасы біртіндеп 20-30 градусқа дейін, елдің оңтүстігінде 35 градусқа дейін, тек солтүстік-шығыс, шығыс пен орталықта 15-25 градусқа дейін жоғарылайды.