Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке қонақжайлығы мен Самарқандтағы ШЫҰ-ның кезекті саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.
Қазақстан Президенті ШЫҰ өзінің әмбебаптығы мен өзара ынтымағының арқасында қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін шешуге елеулі үлес қоса алады және қосуға тиіс деп есептейді.
Мемлекет басшысы шағын құрамдағы отырыста ШЫҰ қызметінің қазіргі кезеңдегі басым бағыттары туралы көзқарасын білдірді.