Доллар бағамы 2,52 теңгеге қымбаттады
Доллар бағамы 2,52 теңгеге қымбаттады
153
оқылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,52 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 477,12 теңге. Ұлттық банктің 16 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 474,19 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 475 теңге, сатып алу – 479 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 473,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 477,5 теңге. Ресей рублі 7,45 – 7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.