10 маэстро бір сахнада өнер көрсетеді
10 маэстро бір сахнада өнер көрсетеді
© aigak.kz
281
оқылды
25-26 қыркүйек күндері Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында алғаш рет "Дирижерлер шеруі" атты музыка фестивалі өтеді. Фестиваль аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі (ҚР МҮАО) өзінің 33-концерттік маусымын ашады. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қанат Ахметов, дирижер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері Александр Беляков. Алыс-жақын шетелден келген 10 дирижер қазақстандық көрермен алдында өз өнерлерін паш етпек. Фестиваль шарттарына сәйкес, олардың әрқайсысы өз елінің үздік туындыларын ұсынады. Фестивальдің маңыздылығы – тәжірибе алмасу, кәсіби қажеттілікті шыңдау. Алдағы уақытта "Дирижерлер шеруі" фестивалі дәстүрлі түрде өткізіледі деп жоспарлануда.   Фестивальдің қатысушылары:  
  1. Маргус Касемаа (Эстония)
  2. Сподрис Качанс (Латвия)
  3. Виктор Худолей (Ресей)
  4. Дариуш Адам Леджион (Польша)
  5. Самуэль Хагин (Израиль)
  6. Николас Хрисчохоу (Греция)
  7. Миро Сайе (Словения)
  8. Тимур Мирзаев (Өзбекстан)
  9. Қанат Ахметов (Қазақстан)
  10. Александр Беляков (Қазақстан)
       Бағдарламада: «Эстонская рапсодия» Е.Тамм, «Тульяк» Р.Кулл, «Мелодия» Р. Паулс, «Российские просторы» , «Пана Тадеуш» фильмінен «Полонез»  В. Киляр, «Золотой Иерусалим» Н.Шемер, «Греческие танцы» Н. Скалкотас, «Песни Батыра Закирова» Е. Живаев аранжировкасы, «Тойбастар» , «Голос Азии» Ә.Бестібаев.   Кеш бағдарламасында ұсынылатын әр халықтың музыкалық өнеріндегі бірегей формат, шығармалардың алуан түрлілігі, өзіндік ерекшелігі мен қайталанбастығы өнер сүйер қауымға ғажайып көңіл-күй сыйлайтыны сөзсіз.   25 қыркүйек – филармонияның Үлкен залы, басталуы сағат 18.00, 26 қыркүйек – филармонияның Үлкен залы, сағат 19.00.