25-26 қыркүйек күндері Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында алғаш рет "Дирижерлер шеруі" атты музыка фестивалі өтеді. Фестиваль аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі (ҚР МҮАО) өзінің 33-концерттік маусымын ашады. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қанат Ахметов, дирижер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері Александр Беляков. Алыс-жақын шетелден келген 10 дирижер қазақстандық көрермен алдында өз өнерлерін паш етпек. Фестиваль шарттарына сәйкес, олардың әрқайсысы өз елінің үздік туындыларын ұсынады. Фестивальдің маңыздылығы – тәжірибе алмасу, кәсіби қажеттілікті шыңдау. Алдағы уақытта "Дирижерлер шеруі" фестивалі дәстүрлі түрде өткізіледі деп жоспарлануда. Фестивальдің қатысушылары:
- Маргус Касемаа (Эстония)
- Сподрис Качанс (Латвия)
- Виктор Худолей (Ресей)
- Дариуш Адам Леджион (Польша)
- Самуэль Хагин (Израиль)
- Николас Хрисчохоу (Греция)
- Миро Сайе (Словения)
- Тимур Мирзаев (Өзбекстан)
- Қанат Ахметов (Қазақстан)
- Александр Беляков (Қазақстан)