Алматыдағы «Бақорда» сауда үйінің аумағында өрт шықты
Алматыдағы «Бақорда» сауда үйінің аумағында өрт шықты
© 24.kz
298
оқылды
«Бақорда» сауда үйінің аумағындағы қоқыс пен дүкеннен шыққан өрт 6 минутта өшірілді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16 қыркүйек күні сағат 14:45-те өрт сөндірушілер Алатау ауданы Рысқұлов даңғылындағы өрт болып жатқан жерге аттанған.
«Қоқыстан шыққан өрттің көрші дүкендерге тарағаны сағат 14:54-те анықталды. Оның бірі – үш қабатты көлік бөлшектерін сататын дүкен. Өрт 6 минут ішінде сөндіріліп, сағат 15:09-да толық жойылды. Өрттің сауда орындарына таралуына жол берілмеді. Оның шығу себебі анықталуда», – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомство өрт жалынынан контейнерге қойылған қосалқы кабина мен жақын жерде тұрған екі көлік зақымданғанын хабарлады.