Бірнеше өңірде үсік жүреді
Бірнеше өңірде үсік жүреді
297
оқылды
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жасады. Шымкентте найзағай жарқылдайды. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күн күркіреген кездегі екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда күндіз найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысы мен Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады. Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыс орталығы мен таулы аумақтарда үсік жүреді: -3...-6°С. Талдықорғанда түнде -1...-3°С суық болады. Түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында. оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында үстік жүреді: -2°С суық болады. Өскеменде түнде топырақ беті қатып, -2°С суық болады.