Елден 100 мың АҚШ долларын заңсыз шығармақ болған азамат ұсталды
Елден 100 мың АҚШ долларын заңсыз шығармақ болған азамат ұсталды
791
оқылды
Қаржы мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті декларацияланбаған валютаны заңсыз әкету фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі. Түркияға бет алған Қазақстан азаматы 100 мыңға жуық АҚШ долларын елден шығармақ болған. Жолаушының қолсөмкесінен кедендік декларациясы жоқ шетел валютасы табылды. Кінәліге 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Тәркіленген қаржы мемлекет кірісіне айналдырылды.