Атырауда зираттарды тонағандар ұсталды
Атырауда зираттарды тонағандар ұсталды
207
оқылды
Төрт адамнан құралған қылмыстық топ зираттардан металл ұрлап, тұрғын үйлерді тонаумен айналысып келген. №2 Атырау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде қолға түскен күдіктілер 1989, 1992 және 1993 жылы туылғандар.
"Күдіктілер ақпан-мамыр айлары аралығында алдын-ала сөз байласу арқылы Атырау қаласы аумағындағы зираттардан металл айшықтар мен құлпытастарды қолды етіп, 3.570.000 теңге материалдық шығын келтірген. Сонымен қатар, Атырау қаласының аумағында 6 үйге ұрлыққа түсіп, әр-түрлі өндірістік техникалар, алтын бұйымдар, ойын приставкасын, құрылыс құралдарын жымқырып, нәтижесінде барлығы 6 млн теңгеге материалдық шығын келтірген", – делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.
Қазіргі таңда төрт күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 188 бабы 3 бөлігінің 1,2,3 тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Баян Жанұзақова