Атыраулық тұрғын 29 жылдан бері жеке куәліксіз жүрген
Атыраулық тұрғын 29 жылдан бері жеке куәліксіз жүрген
321
оқылды
Атыраулық тұрғын 29 жылдан бері жеке куәліксіз жүрген. Жігіт ағасы құжатының жаңармауына отбасылық жағдайлар себеп болғанын айтуда. 58 жастағы Индер ауданының тұрғыны Төремұрат Қамиев жеке басын куәландыратын құжатты 1993 жылдан бері алмаған. Оның қолында күні бүгінге дейін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ескі үлгісіндегі құжат қана болған. Азамат көші-қон қызмет тобынан жеке куәлігін жаңартуға көмек сұрап келген. Сала мамандары тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтау қызметтерін көрсетіп, жеке басын куәландыратын жаңа төл құжатын дайындап табыстады.

Баян Жанұзақова