Қытайда 200 метрлік ғимарат 20 минутта өртеніп кетті
Қытайда 200 метрлік ғимарат 20 минутта өртеніп кетті
713
оқылды
Бүгін Қытайдың Хунань провинциясының Чанша қаласында көпқабатты ғимараттан өрт шықты. Өрт орнынан түсірілген видеоға қарағанда, өрт ғимараттың бірнеше қабатын шарпыған. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен басқа да төтенше жағдайлар қызметі келді. Жол полициясы ғимаратты қоршауға алды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, биіктігі 200 метрлік ғимарат 20 минут ішінде қызыл жалынға оранған. Ғимарат 2000 жылы салынған және Чанша қаласының орталығында орналасқан. Бұл биіктігі 200 метрден асатын осы мегаполистегі алғашқы зәулім ғимарат.