Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзбақ

келісімшарт

Даңқты боксшы жерлесіміз Геннадий Головкин DAZN ұйымымен келісімшартын мерзімінен бұрын бұзатын болды. Бұл туралы Boxingscene.com журналисі Кит Айдек хабардар етті.

Алдағы жексенбі күні таңертең Лас-Вегаста Геннадий Головкин екінші орта салмақта абсолютті чемпион атағы үшін мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен тарихи трилогиясын өткізетіні белгілі. Әлем көз тігіп күтіп отырған жекпе-жек 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 05.00-ге жоспарланған, әйтсе де басты жекпе-жек 08.00-ден кейін басталады. Бұл жекпе-жек GGG үшін DAZN-мен келісім бойынша бесінші және соңғы жекпе-жек болмақ.

«Сенбі күні кешке оның мансабы аяқталмайды. Головкиннің Альвареспен үшінші жекпе-жегі оның DAZN-мен эксклюзивті келісімшартының соңғы шайқасы болмақ. 2019 жылдың наурыз айында олар алты жекпе-жекке келісім жасайтынын жариялаған еді. Соған сәйкес, Геннадийге 100 миллионнан астам АҚШ доллары төленуі керек еді, бірақ осы сенбіде стриминг қызметі бесінші шоуынан кейін аяқталады», – делінген хабарламада.

Боксшылардың жұдырық түйістіргенін Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан тамашалауға болады.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.