Президент мандатын шектеу жауапкершілікті еселейді – Құдайберген Ержан
Президент мандатын шектеу жауапкершілікті еселейді – Құдайберген Ержан
485
оқылды
– Парламент палаталарының бірлескен отырысында саяси реформалардың кезекті пакеті қабылданды. Атап айтқанда, жаңа модельге сай Президент бір мерзімге қайта сайлану құқығынсыз 7 жылға сайланады. Меніңше, президенттіктің мерзімін шектеу еліміздегі ең жоғары лауазымды тұлғаның пендешілікке салынуының алдын алады. Оның үстіне, Президент мандатын мерзімінен бұрын айырудың да жолдары бар. 7 жыл ішінде Президент қойылған мақсаттарға қол жеткізіп, сайлау алдында халыққа берген уәдесінің үдесінен шығуға барын салады. Ал 5 жыл сайын Президент сайлауын өткізуді жалғастыра берсек, осынау қызметке кіріскен азамат 2-3 жыл сайын келесі сайлауға дайындалып, орындалатын-орындалмайтын сайлауалды бағдарлама әзірлеп әлекке түседі. Халық ондайдан әбден мезі болды. Меніңше, 7 жыл Президентке нәтижелі жұмыс істеуге толықтай жетеді. Сондықтан мен бұл бастаманы қолдаймын. Жаңадан сайланатын Президенттің алдында бекітілген мерзім аралығында өзі құрған шынайы жоспарды жүзеге асыру жолында тер төгеріне сенемін!