Елена Рыбакина – жартылай финалда
Елена Рыбакина – жартылай финалда
303
оқылды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Словенияның Порторож қаласын­да өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына өтті. Бір атай кетерлігі, бұл жарыстың 3-ракеткасы болып саналатын қазақстандық теннисші бұл кезеңге сайыссыз жетті. Ширек финалда онымен дүниежүзілік рейтингте 92-орында тұрған украиналық Леся Цуренко кездесуі тиіс болатын. Бірақ қарсыласы матчқа шыққан жоқ. Елена Рыбакина енді финалға шығу үшін әлемнің 18-ші, жарыстың 2-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майя немесе рейтингте 65-сатыдағы румыниялық Ана Богданның біреуімен таласады. Сондай-ақ теннистен Дэвис кубогында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы екінші матчында АҚШ командасына жол бергенін хабарлай кетейік.