Азаматтық қоғамды нығайтатын бағдар – Олжас Сыдықбек
Азаматтық қоғамды нығайтатын бағдар – Олжас Сыдықбек
837
оқылды
Президент сайлауы, конституциялық өзгерістер бүгінгі күннің басты тақырыбы болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында Президент сайлауы жөнінде өзінің шешімін қоғамға ұсынды. Бұл – қайта сайлану құқығынсыз бірреттік президенттік сайлау мерзімі. Қазір қоғам болып талқылап жатқан негізгі тақырып осы болып тұр. Әртүрлі пікір, салыстыру, ұсыныс айтылып жатыр. Зиялы қауым, сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен жалпы әлеумет мұны қолдап отыр. Әлеуметтік желі мен түрлі талқылау алаңдары, қоғамдық пікір мұны биыл елімізде референдум арқылы өткен конституциялық реформалардың жалғасы деп қабылдады. Шын мәнінде, бұл солай. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғамды» қалыптастырамыз десек, демократиялық құндылықтарға негізделген, азаматтық қоғамды нығайтатын осындай шешімдерді оң қабылдауымыз керек деп ойлаймын.