Головкин мен Канело жекпе-жегін қайдан, қашан көруге болады?
Головкин мен Канело жекпе-жегін қайдан, қашан көруге болады?
Ертең қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізеді. Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді. Бокс кешін Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 5.00-де басталады және оны телеарналардың ресми сайттарынан да тамашалауға болады. Басты жекпе-жек шамамен 8.00-ден кейін басталады. Айта кетейік, үшінші жекпе-жек T-Mobile Arena-да өтеді, онда алдыңғы екі жекпе-жек те өткен болатын. Спортшылар 2017 жылы тең түскен еді, ал 2018 жылы Канело жеңді. Еске салайық, бұған дейін GGG мен Канело салмақ өлшеу рәсімінен өткені хабарланған болатын.