Үлкендерді сыйламаймын! Автобуста жас жігіт егде жастағы әйелге орын бермей қойды (видео)
Үлкендерді сыйламаймын! Автобуста жас жігіт егде жастағы әйелге орын бермей қойды (видео)
2,015
оқылды
Әлеуметтік желіде автобустағы оқиға түсірілген бейнежазба тарады. Онда 20 жас шамасындағы жігіттің егде жастағы әйелге дөрекі сөйлеп жатқанын аңғаруға болады.
"Мен үлкендерді сыйламаймын! Орнымды бермеймін! Әңгімең бар ма?!"  деп айқайлап тұр жас жігіт.
Оқиғаға байланысты желі қолданушыларының пікірлері көп. Олардың дені жас жігіттің әрекетін сынға алып жатыр.
"Малғұнның әке-шешесі бар ма екен?", "Анаған бір шапалақ беретін еркек табылмады ма?", "Үлкендерді сыйлаудан қалып барады жастар", –  деген сыңайдағы сөздерін айтқан олар.