Мемлекет басшысы Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады
Мемлекет басшысы Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады
560
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады. Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасы тығыз. Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының Жалпы дебатына қатысады. Бұл туралы БОРТ №1 Telegram арнасы мәлімдеді.
"Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен, АҚШ-тың ірі қаржы институттарының және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сарапшылар тобының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр", – деп жазды ақпарат көзі.