Ақтау тасжолында екі адам қаза тапты
Ақтау тасжолында екі адам қаза тапты
337
оқылды
Жетібай-Ақтау тасжолының бойында көлік түйелерге соғылып, екі жолаушы мерт болды. Оқиға 16 қыркүйекте сағат 22:41 шамасында болған.
– «Ваз 21154» автокөлігінің жүргізушісі Ақтау қаласынан Шетпе ауылына баратын жолда екі түйені қаққан. Тасжолдағы оқиғадан екі жолаушы көз жұмып, бес адам ауруханаға жеткізілді, - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.