Алматыда 19 жастағы жігіттен 20 орам психотроптық зат тәркіленді
Алматыда 19 жастағы жігіттен 20 орам психотроптық зат тәркіленді
458
оқылды
Алматы тұрғынынан психотроптық зат салынған 20 бума тәркіленді. Күдіктіні полиция қызметкерлері Алматы қаласы Медеу ауданының жеке секторында ұстады.
«Бұл – 19 жастағы К. есімді азамат. Тергеу-жедел тобы жеке тінту кезінде шалбарының қалтасынан ашық-жасыл түсті 20 орам тапты. Заттай айғақтар сараптамаға жіберілді», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Күдіктінің айтуынша, ол аз уақыттан бері есірткі қоюшы ретінде жұмыс істейді. Тапсырысты және қойып кететін орындардың мекенжайын интернет қосымшасы арқылы алады, ал, «атқарған жұмысы» үшін ақшалай сыйақыны криптовалютамен алып отырған. «Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен тіркелді», – дейді Ерлан Әлмағамбетов.